/ Әдістемелік құралдар
Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Учебно-методическое пособие

Оқу әдістемелік құрал

Қазақ тілін меңгерудің деңгейін бағалау мақсатында тестілеу әдісімен емтихан тапсыру үшін дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құралында тыңдалым, оқылым, жазылым түрлері бойынша, сондай-ақ лексика-грамматикалық құрылым түрлеріне қатысты материалдар топтастырылған және емтиханға дайындалудың тиімді жолдары мен әдістері ұсынылған. Басылым – азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ің әдістемелік материалдарының бір бөлігі. Оқу-әдістемелік құрал қазақ тілін екінші тіл ретінде, шетел тілі ретінде үйренушілерге, тест тапсырушыларға, сондай-ақ оқытушылар мен маман әдіскерлерге, жоғары оқу орындарының студенттеріне және көпшілік тіл үйренушілерге арналған.

Тіл үйренушінің басты мақсаты және арманы – сол тілде өз ойын жеткізе алатындай дәрежеде игеру. Осыған байланысты қазіргі кезеңде тілді үйретудің әлемдік практикасында ең тиімді бағыт ретінде сөйлеу әрекетінің түрлерін өзара сабақтастықта, белгілі бір жүйеде пайдалана отырып, тілді деңгейлер бойынша оқытып үйретудің әдістемесі алдыңғы қатарға шықты. Бұл әдістеме, ең алдымен, оқыту материалдарын «қарапайымнан күрделіге қарай» ұстанымы бойынша орналастыру арқылы тілді үйренудің оңтайлы екендігін, тілдік дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдарын айқын дәлелдеп берді. Деңгейлік жүйеде оқытудың бағыттары одан әрі тереңдетіле түсті; осының нәтижесінде әлемде ағылшын тілін үйретудің оңтайлы әдістері жинақталған, тіл үйренушінің тілдік дағдыларының қалыптасуына көмек беретін саналуан оқу-әдістемелік құралдар, шет тілі ретінде ағылшын тілінен емтихан тапсыруға арналған тест жүйесінің кешендері жарық көрді. Әсіресе, тілді шет тілі дәрежесінде меңгерудің деңгейін анықтауға арналған тест жүйесінің, тест тапсыру үшін өз бетінше дайындалуға ықпал ететін оқу-әдістемелік құралдардың маңызы жоғары. Осындай материалдарды пайдаланудың нәтижесінде тіл үйренуші тіл меңгеру сабақтары мен әдістері арқылы нақты бір деңгейге (мысалы, базалық деңгейге) қажетті тілдік құрылымдарды меңгерген соң дәл сол деңгейде тілді меңгергендігін растайтын емтихан бар екенін және ол емтихан мақсатына қарай әртүрлі талаптармен ұсынылатынын біледі, сондықтан емтихан тапсырмаларын түсіну арқылы тіл меңгерудегі білімін одан әрі шыңдай түседі.

Мұндай оқу-әдістемелік құралдар тест бөліктері, яғни тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктер бойынша тест тапсырмаларын талдау арқылы сөйлеу әрекетінің түрлеріне байланысты дағдыларының қалыптасуын нақтылайды.

Тіл үйренушіге ыңғайлы тәсілдер бойынша жылдар бойы жинақталған тәжірибені ескере отырып, ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарда алдымен кіріспе тест тапсыру арқылы тіл меңгеру дәрежесі анықталады, содан соң әрбір бөлік бойынша мазмұны ұқсас тапсырмаларды бірнеше рет талдау арқылы тапсырма мазмұны түсіндіріледі, тапсырма мазмұнын түсіну арқылы оқулық тілдік құрылымды толық түсінуге септігін тигізеді. Осы кезеңдерден соң тапсырмаларға қатысты жаттығулар беріледі. Бұл жаттығулар да тіл үйренушіге сол тілдің ерекшеліктерін түсінуге, қалыптасқан дағдыларды нақтылай түсуге көмектеседі. Қорытынды тест бөлігі алдыңғы кезеңдерде қалыптасқан тілдік құзыреттіліктерді тексеру тапсырмалары ретінде беріледі. Әрбір тест тапсырмаларының жауаптары оқу-әдістемелік құрал соңындағы қосымшада беріліп отырады, яғни тіл үйренушінің әрбір кезең сайын өзінің жауаптарын тексеріп отыруға мүмкіндігі бар. Жаттығу бөлігіндегі тапсырмаларда тікелей жұмыс дәптері ретінде пайдалануға болатындай мүмкіндіктер қарастырылған. Тыңдалым, жазылым бөліктері үшін аудиожазбалар компакт-дискіде қосымша беріліп отырады. Бұл тәсіл де сол тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс қалыптасуына, тапсырмалардың маңыздылығы мен негізгі мән берілетін тұстарын есте сақтау қабілеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Қазіргі таңда қазақ тілін меңгеру бағытында тіл үйренушілерге әртүрлі әдістемелер бойынша оқу құралдары, сөздіктер мен грамматикалық анықтағыштар, тілді меңгеруді бағалаудың құралдары, ақпараттық сүйемелдеулер, сондай-ақ БАҚ материалдары ұсынылып келеді. Соңғы 15-20 жыл көлемінде өзге тілді аудиторияларға арналып жарияланған сан түрлі оқулықтар мен оқу құралдарының, басқа да лингводидактикалық материалдардың республика өкілдеріне тілді үйрету, меңгерту, сайып келгенде, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мен тіл стратегиясының жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқандығын айрықша атап өтуге тиіспіз.

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің халықаралық жүйелермен ұқсастығы бар. ҚАЗТЕСТ жүйесі екі түрлі арнамен беріледі: бірі шетел тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөліктерден тұрады. Әрбір бөліктер бойынша тапсырмалар «өте оңай тапсырмадан күрделіге» қағидатын негізге ала отырып құрастырылған. Тест тапсырмаларын қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар* негізінде анықталады.

Тапсырмалардың өзі тіл меңгеру деңгейлеріне байланысты күнделікті өмір мен адамзатты қоршаған ортаға негізделіп тілдік ортада тіл қолдану мүмкіндіктеріне бағытталған. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлер дәрежесінде тіл меңгеру деңгейлерін бағалауға болады. Бұл деңгейлер халықаралық тіл меңгеру деңгейлеріне сәйкестендірілген. Деңгейден деңгейге өтуде сабақтастық қағидаты сақталып отырады, төменгі деңгейде белгілі бір тақырып бойынша өте қарапайым тапсырма берілсе, одан жоғары деңгейде дәл сол тақырып қарастырылады, бірақ сөздік қоры да күрделірек, тапсырма түрі де қиынырақ болып келеді.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдың ерекшелігі жоғарыда айтылғандай тест құрамындағы сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, оқылым, жазылым және лексика-грамматикалық құрылым бойынша тест тапсырмаларына тоқталып, талдап, қорытынды тест тапсыру арқылы тілдік дағдылардың қалыптасуына ықпал етеді. Қазақ тілін қарапайым деңгейде (A1) меңгеруге жету үшін 100-120 оқу сағаты, базалық деңгейде (A2) – 180-200 оқұ сағаты, орта деңгейде (B1) – 220-240 оқұ сағаты, ортадан жоғары деңгейде (B2) – 180-200 оқұ сағаты, жоғары деңгейде (C1) – 100-120 оқұ сағаты жету қажет деп есептеледі.

Қазақ тілін меңгеруде бұл еңбек өз тиімділігін берер деген ниетпен тіл үйренушіге сәттілік тілейміз! 








Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх