ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша интерактивті тестілеу
Тестілеуден өтуді дәл қазір бастау
Әбдиев Қали Сейілбекұлы
Қош келдіңіздер!

Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған ресми сайтына қош келдіңіздер!

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасында Ұлттық білім сапасын бағалау жүйесі негізінде білім беру сатыларында білім сапасын тестілеу әдістерімен бағалаумен айналысады.

Өздеріңізге белгілі, мектеп бітірушілердің аттестациялық және жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін ұлттық бірыңғай тестілеуі (ҰБТ), талапкерлердің кешенді тестілеуі (ТКТ), оқу жетістіктерінің сыртқы бағалауы (ОЖСБ), жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға мемлекеттік тапсырыс негізінде түсу емтихандары, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының аттестациялау кезіндегі жоғары курс студенттерінің қорытынды білімін тестілеу емтихандары Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан ұйымдастырылады.

 Көп жылғы тәжірибе мен білім сапасын бағалаудың әдістері бойынша ғылыми-әдістемелік ізденістер нәтижелері және педагогикалық өлшеу мен білім сапасын бағалау бойынша халықаралық ұйымдар мен шетелдік ғалымдармен әріптестік өз жемісін беруде. Білім берудің сатылары бойынша білім сапасын бағалауға арналаған өлшеу құралдарының өте үлкен қоры қалыптастырылған және ол жыл сайын оқу бағдарламаларының өзгерістеріне байланысты жаңа тапсырмалармен толықтырылып отырады. Тест тапсырмаларын қалыптастырудың кәсіби деңгейлерінде сертификатталған тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшыларының жұмыс тобы жасақталған. Білім сапасын тәуелсіз сыртқы бақылауының стандартталған тестілеу өткізудің технологиясы мақұлданып, әділдік дәрежесі қоғам тарапынан оң көзқарасты иеленген.

 Қазақстан Республикасы көп ұлтты демократиялық мемлекет. Елдегі қалыптасып отырған тілдік саясаттың шеңберінде мемлекеттік тіл – қазақ тілін Қазақстан Республикасында азаматтардың оқып-үйреніп, меңгеріп, күнделікті өмірде қолданыс аясын кеңейтудің негізгі міндеттері әртүрлі заңдық күші бар құжаттармен іске асырылып келеді. Тілді оқыту, үйретумен тілді тиімді меңгеру үшін тіл меңгеру деңгейін бағалау халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Оның жарқын мысалдары халықарылық қолданыстағы ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалаудың TOEFL, IELTS жүйелері, француз тілінің DALF/DELF жүйелері, испан тілінің DELE жүйесі, италиян тілінің CELI жүйесі, түрік тілінің TOMER жүйесі, неміс тілінің DSH жүйесі, орыс тілінің ТРКИ жүйесі және тағы басқа да белгілі жүйелер.

 Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті жетілдіру мен дамыту іс-шараларын Ұлттық тестілеу орталығы атқарып келеді. ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін әзірлеу және соның негізінде қазақ тілін оқыту әдістемесін жүйелеу тапсырмасынан бастау алады. 2008 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №835 Қаулысымен мақұлданған ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы соның нақты құжаты ретінде қабылданды.

 ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан азаматтары мен Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асырушы шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі.

ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін меңгеруде Сіздерге көмегін тигізер деген үмітпен осы сайтта жүйе туралы көптеген ақпараттар мен интерактивті режимде қазақ тілін меңгерудегі өз деңгейлеріңізді анықтау үшін байқау сынағын ұйымдастырып отырмыз.

 Сәттілік тілеймін!

Ізгі ниетпен, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Сейілбекұлы Әбдиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ
Мамыр ›   2012 ›
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Фотогалерея
Фотогалерея
Сайтқа кіру
Логин:
Құпия сөз: