/
Қазақ тілін бастауыш деңгейде меңгеруге арналған тіл оқытудың электронды әдістемелік құралы Электрондық оқулық қазақ тілін үйренуге ынталы кез келген жастағы тіл үйренушіге өте тиімді құрал. Оқулықтың негізгі мақсаты қазақ тілінің грамматикалық элементтерін күнделікті өмірде қолданысы арқылы түсіндіру. 93 сабақтан тұратын оқулық сабақтың мазмұнына сай түрлі-түсті суреттермен безендіріп, жаттығуларды интербелсенді түрде орындау мүмкіндігі қарастырылған. Әр жаттығуды орындау талабы мен сол тектес тапсырманың біреуін орындап көрсету арқылы тіл үйренушіге қалған тапсырмаларды өз бетінше орындауға кеңес береді. Дұрыс немесе бұрыстығын тексеріп көру мүмкіндігі бар. Тіл үйренуші өзіне қызықты кез келген сабақты таңдауына болады. Теориялық материалды принтерден басып шығаруға болады. Электрондық оқулықты компьютерге орнату да өте қарапайым түрде жүргізіледі. Графикалық интерфейсі интуитивті түсінікті түрде жасалған. Оқулықты пайдалануға арналған интерфейс көмекші де қарастырылған.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz