Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2015 жылғы 16 сәуірдегі

№ 212 бұйрығына 4-қосымша

«ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ (ҚАЗТЕСТ)» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

II. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап – 25 минут;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген ұзақтығы 3 (үш) сағат;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: - электронды және (немесе) қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Рееспубликасының Мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің бірі: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша тілді меңгергендігін растайтын мемлекеттік сертификат.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алу үшін өтініш берген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету құнын «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес қызмет беруші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің келісімі бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес шығыстар есебін есепке алып айқындайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы іске асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныс жіберілген жағдайда, төлем электронды үкіметтің «төлем шлюзі» (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) қызмет берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, өтінішті қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылу осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

2) портал - тәулік бойы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінгенде өтініш қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) жеке басын растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) төлемді растайтын құжат.

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сұрау;

Қызмет алушының жеке басын растайтын құжаттардың, қызметті алушының төлемді растаған құжатының мәліметін (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) «электрондық үкіметтің» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама-есеп жіберіледі.

III. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ БЕРУШІНІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жазбаша түрде көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оны алмастырушы тұлғаның атына осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Портал арқылы жүгінгенде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс-орталығы бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жолданғанда қызмет берушінің шағымды өңдеу барысында жаңартылған жүгінгені туралы ақпарат «жеке кабинетте» қол жетімді (жеткені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны не қараудан бас тартқаны туралы белгі).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарауға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

IV. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП
ҚОЙЫЛАТЫН ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: info@kazakhtest.kz интернет-ресурсында (Астана қаласы, Победа көшесі, 67, 2 этаж);

2) порталда орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 69-52-84, 8 (7172) 69-52-85. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, 1414.

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

Онлайн-тестілеу

Ақпараттық материалдар

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх