Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 235 бұйрығына
4-қосымша


«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік қызметін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік сертификат болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің
сипаттамасы

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) қосымшасымен бекітілген нысан бойынша стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттармен (бұдан әрі - құжаттар) бірге көрсетілетін қызметті берушіге өтініш беруі негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны:

1) көрсетілетін қызметті алушының 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды беруі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің тестілеу процесін өткізуі. Орындалу ұзақтығы тестілеу бағдарламасына қарай 2 сағат 20 минутты құрайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің көрсетілетін қызмет алушыға 20 минут ішінде сертификат беруі.

6. Мынадай рәсімдердің басталуына негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижесі:

1) тіркелген өтініш;

2) сертификат беру.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері қатысады.

8. Құрылымдық бөлімшелер арасындағы рәсімдердің реттілігі:

1) көрсетілетін қызметті алушының 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды беруі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің тестілеу процесін өткізуі. Орындалу ұзақтығы тестілеу бағдарламасына қарай 2 сағат 20 минутты құрайды;

3) құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға 20 минут ішінде сертификат беруі.

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттің) реттілігін сипаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу блок-сызбасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.


Қосымша 1

Қосымша 2

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

Онлайн-тестілеу

Ақпараттық материалдар

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх