Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу

Тіл және қоғам журналы, 2008 жылдың №2 саны

Мақала жарияланған басылымның атауы, саны

Мақаланың

авторы

Мақаланың

тақырыбы

Мақала

аннотациясы

Тіл және қоғам журналы,

2008 жылдың №2 саны

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Т. Әбдіхалықов

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау мәселелері

Мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдік білімді бағалаудың деңгейлік жүйелері – қарапайым деңгей, базалық деңгей, орта деңгей, ортадан жоғары деңгей, жоғары деңгей, жетік деңгейді құрайтыны және тест құрылымы төрт бөлімнен тұратыны жазылған.

2009 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «ЕурАзЭҚ-ына МҮШЕ-МЕМЛЕКЕТТЕРІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕРІ» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинардың материалдар жинағы

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Т. Әбдіхалықов

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ

Мақалада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 3 қазанында өткізген «Қазақ тілін бағалау жүйесін жасау және соның негізінде оқыту әдістемесін әзірлеу» туралы мәжілістің хаттамасына сәйкес Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығында Қазақстан Республикасындағы барлық азаматтардың және Қазақстан аумағында құқықтық, экономикалық, қоғамдық және т.б. әрекет түрлерімен айналысатын азаматтардың қазақ тілін білуін белгіленген деңгейлер мен талаптар бойынша бағалайтын жаңадан әзірленген ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылғанын жазды. Қолданысқа енгізу алдында жалпы теория мен тәжірибенің ұштасу нүктесін тану мақсатында тілдік тест табиғаты мен олардың дүниежүзілік деңгейде танымал тәжірибелерге ғылыми-практикалық тұрғыдан талдаулар жасалынған, халықаралық тіл білу деңгейін бағалаудың TOEFL (Test of English as a Foreign Language), IELTS (International English Language Tests System), DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang), Grundbaustein DaF, Zertifikat Deutsch, DALF/DELF (Diplome Approfondi de Langue Française/Diplome d'Etudes en Langue Française), TÖMER (Türkçhe Öģretim Merkezi және ТРКИ (Тест по русскому языку как иностранному) жүйелерімен ҚАЗТЕСТ жүйесінің жақын тұстары анықталған.

2009 жылдың қараша айында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Тіл мен әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі инновациялық технологиялар: мәселелер және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның, Оқу үрдісіндегі педагогикалық өлшем: мазмұны мен технологиясы секциясы

Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Т. Әбдіхалықов

Қазақстандағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесіне арналған өлшеу құралдарының ерекшеліктері және оларды жетілдіру жолдары

Мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасына сәйкес жүйені жетілдіру мақсатында сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларының сапасын педагогикалық өлшеулер теориясы мен әдістемелері негізінде көтеру үшін ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшыларына арналған семинарлар мен авторлық курстар өткізілгені туралы айтылған. Тест құрамындағы тест тапсырмаларының бағалаушылық қасиеттерін зерттеу мақсатында математикалық-статистикалық талдаулардың STATISTICA, SPSS, WinSteps, RAM және тағы басқа электрондық пакеттер пайдаланылатынына, жүйенің әр бөліктері бойынша ұсынылатын тест сұрақтарына, әрбір тест тапсырмасының талапқа сәйкестігі, әртүрлі корреляция коэффициенттері, бағалау мүмкіндігі секілді қасиеттері зерттелгеніне тоқталған.

2010 жылы ПРЕЗИДЕНТ және ХАЛЫҚ газеті

И. Сағындықов

Қазақ тілін меңгеру деңгейі ҚАЗТЕСТ бағалау жүйесімен анықталады

Мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан азаматтары мен Қазақстан аумағында әрекет етуші шетел азаматтарының мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ отандық жүйесі екенін, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлердің қазақ тілін білу деңгейі ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы бағаланып келе жатқанын айтып өткен.

2010 жылы БІЛІМ-ОБРАЗОВАНИЕ ғылыми-педагогикалық журналының №3 (51) саны

И. Сағындықов және Ұлттық тестілеу орталығы, Мемлекеттік тілді дамытудың басқарма жетекшісі А. Әбдіхалықов

Қазтест жүйесіне арналған тест тапсырмаларын қалыптастыру

Мақалада қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ң тест тапсырмаларын құрудағы өзекті мәселелері қарастырылған, «Тыңдалым» бөлігі бойынша байқау тестінің жауабына математика-статистикалық өңдеу

жасалынған.


Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх