Астана қ., 20-24 ақпан 2012 жыл
Тақырыбы: «Педагогикалық өлшеу теориясы мен әдістемелерінің негіздері»
Курстың авторы: Ресей Федерациясының тестолог-ғалымы, «Педагогические измерения» журналының бас редакторы, п.ғ.д., профессор В.С.Аванесов
Қатысушылар: ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру жұмыс тобының мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының аймақтарында орналасқан өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілінің оқытушылары, Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері.
Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу мен сараптама жұмыс тобының біліктілік дәрежесін әрдайым арттырып отыру – Ұлттық тестілеу орталығының негізгі қызметтерінің бірі. Әзірлемешілер мен сарапшылар үшін әдістемелік қолдау көрсету барысында педагогикалық өлшеу теориясы мен практикасы бағытындағы халықаралық тәжірибелер мен ғылыми жетістік нәтижелерінің маңызы жоғары болып саналады.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz