Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Ересектерге қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдірудегі  ортақ типтік бағдарламаның рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел 21.10.2012

«Ересектерге қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдірудегі ортақ типтік бағдарламаның рөлі» тақырыбындағы дөңгелек үстел


Астана қ., Тараз қ., Ақтөбе қ., Павлодар қ., 12-18 қазан 2012 жыл.

Тақырыбы: «Ересектерге қазақ тілін оқытудың әдіснамасын жетілдірудегі ортақ типтік бағдарламаның рөлі» 

Мақсаты: Үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарламамен тілді оқытуды функционалдық аспектіге негіздеу арқылы қазақ тілін оқытуды біріздендіру, жалпы мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау мәселелерін жүзеге асыру. 

Міндеттері:
• ортақ типтік бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстыру; 
• типтік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын, типтік бағдарламамен жұмыс жасау барысын түсіндіру; 
• әлеуметтік-мәдени, күнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік құзыреттілік мазмұны, міндетті тілдік құзырет мазмұнының ерекшеліктерін саралау; 
• сөйлеу ниеттерінің әр деңгей бойынша жүйелі бөлінуін және олардың тіл үйренудегі тиімділігін талдау; 
• қазақ тілін оқытуды жүйелеу арқылы тіл меңгеру қажеттілігін туындату мәселелерін талқылау; 
• барлық аймақтардағы мемлекеттік және мемлекеттік емес оқыту орталықтарын ортақ типтік бағдарламамен қамтамасыз ету. 

Қатысушылар: Астана, Алматы, Семей, Қостанай қаласы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Тілдерді дамыту басқармаларының қызметкерлері, Мемлекеттік тілді оқытудың мемлекеттік және мемлекеттік емес оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары және әдіскерлері.


Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх