Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ сарапшылары қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлеріне семинар-кеңес өткізді
ҚАЗТЕСТ сарапшылары қазақ тілі оқытушылары мен әдіскерлеріне семинар-кеңес өткізді
Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының «Руханият» орталығымен бірлесіп, 2013 жылдың 29 сәуірінде «Қазақ тілін оқытуда ҚАЗТЕСТ-тің рөлі және ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
    Семинарға «Руханият» орталығының қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты. Қатысушылар саны 35 адамды құрады.
    Семинардың кіріспе бөлігінде ҚАЗТЕСТ отандық жүйесінің толық сипаттамасы, жүйенің құрылымы, енгізілуі және қазіргі кездегі қолдануы туралы ақпарат берілді.
    Семинардың алғашқы бөлігінде қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемелеріндегі серпінді жоба мазмұны баяндалды. Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Әбдіхалықов өзінің әдістемелік сабағында оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми тұрғыда коммуникативтік құзыреттілік талаптарына сәйкес тілдік дағдыларды қалыптастырудың негіздемелерін келтірді. Тілдік білімді бағалаудағы өлшеу құралдарының ерекшелігі, оның ішінде тыңдап түсіну және сөйлей білу, жаза білу дағдыларын дәлірек бағалауға арналған тест тапсырмаларын қалыптастырудың негізгі теориялық және практикалық қағидаттарын баяндады.
    Семинардың екінші бөлігінде теорияны практикамен ұштастыру мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымына сәйкес Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым бөліктеріне арналған тест тапсырмаларының құрылымы, мазмұны, әзірлеу ерекшеліктері мен олардың қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерімен сабақтастығы, жаттығуларды талдау бағыты бойынша жалғасты.    
«Оқылым» бөлігінің жетекшісі сөйлеу әрекетінің репродуктивті түріне жалпы сипаттама берді; халықаралық тіл білімін бағалау жүйелерінің талаптарына сәйкес тілдік білімді бағалау емтихандарының басқа түрлерінде қалай берілгендігі туралы; «Оқылым» бөлігінің қазақ тілін меңгеру деңгейлеріне сәйкес ерекше белгілері; «Оқылым» бөлігінің деңгейге сәйкес тест тапсырмаларының түрлері; дұрыс жауапты таңдау алгоритмі; қазақ тілін оқыту курсының тыңдаушыларына арналған тест тапсырмаларын талдаудың әдіс-тәсілдері; дұрыс жауапты таңдаудағы статистикалық деректер және дистракторларды таңдау жиілігі туралы толық айтып өтті.
    «Тыңдалым» бөлігінің жетекшісі аудиожазбалар және тест тапсырмаларымен жұмыс жасау жолдарын көрсетті. Деңгей бойынша тест тапсырмаларының түрлерін баяндап, көрсеткіштері бойынша талданған тест тапсырмалары байқау сынақтары үшін іріктеліп немесе базадан жойылатындығын айтты. Әр көрсетілген тапсырмаға өзгерістерді енгізудің себептері мен тапсырмаларды орындау кезінде қалыптасатын дағдылар туралы талдау жасалынды.
    Лексика-грамматика бөлігінің жетекшісі тест тапсырмаларын жетілдіру жолдарын көрсетті. Тест тапсырмасының бірінші түпнұсқасы көрсетіліп, содан кейін сараптамалар мен байқау сынақтары нәтижесінде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау үшін өзгерістер енгізілген және мақсатқа лайықты тапсырмалар таныстырылды.  
     Семинардың нәтижесінде оқытушылар мен әдіскерлер Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым және Жазылым бөліктері ерекшеліктерін, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларын талдау  әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар тілді оқыту барысында тілдік білімді бағалауға арналған тапсырмаларды, ҚАЗТЕСТ жүйесін қолдану жолдарын игерді.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх