Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен
7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен

Құрметті әріптестер! 

Сіздерді ҚАЗТЕСТ ұжымы 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен, 9 мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтайды! 
Ер жігіттерімізге Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуды, әрбір атқарған ісіне жауапты, қажымас қайратты болуды тілейміз! 
Еңбектеріңізге таусылмас табыс тілейміз! 
Қорғап отырған шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын! 
Әрдайым нәзік жандарға тірек болып, алақандағы гүлдеріңізді аялап жүріңіздер! 

9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні әркімнің мәңгі есінен кетпес мереке! 
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. 
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала береді! 
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз! 

Ізгі ниеттермен, 
ҚАЗТЕСТ ұжымы.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх