Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Республикалық семинар-кеңес. Қазақ тілін ересектерге оқыту.
Республикалық семинар-кеңес. Қазақ тілін ересектерге оқыту.
2012 жылдың 25-28 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының барлық облыстарының, Астана, Алматы қалаларының мемлекеттік тілді оқыту орталықтары директорлары, әдіскерлері мен оқытушыларының қатысуымен ересек тұрғындарды қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама қалыптастыру бойынша семинар-кеңес ұйымдастырады. Аталған семинар-кеңес Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау арқылы мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатын орындау үшін өткізіліп отыр.
Семинар мақсаты – қазақ тілін оқытуға арналған ортақ типтік бағдарлама жобасын әзірлеу және соның негізінде аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарындағы қазақ тілін оқыту үдерісін жүйелеуге ықпал ету.
Ортақ типтік бағдарлама үздіксіз білім беру моделі арқылы «Қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту» әдістемесі негізінде қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешен әзірлеу жобасы аясында қалыптастырылады.
Семинарға қатысушылар тілді шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесінің жаңаша жолдарымен, қазақ тілін оқытудың ортақ типтік бағдарлама жобасының ерекшеліктерімен танысады, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып типтік бағдарламаның жасалу жолдарын қарастырады, қазақ тілін оқытудың ортақ типтік бағдарлама жобасын жасайды.
Семинар-кеңеске жұмыс тобының 25 мүшесі қатысады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх