Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының  тәуелсіз сараптамасы
ҚАЗТЕСТ жүйесіне арналған тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы
2012 жылғы 18-22 маусым аралығында Ұлттық тестілеу орталығында азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізілуде.
Тест тапсырмалары сөйлеу әрекетінің Тыңдалым, Оқылым,  Жазылым түрлері және тілдің Лексика-грамматикалық құрылымы бойынша әзірленген. Тапсырмалар қазақ тілін шетел тілі және екінші тіл ретінде меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Әрбір тест тапсырмасы деңгейге сәйкес тақырыптарға негізделген және деңгейдің лексикалық сөздік қорына сәйкестендіріліп, қазақ тілін меңгерудің тілдік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
І жартыжылдыққа әзірленген тест тапсырмаларының жалпы саны – 9500.
Сараптаманы белгілі филолог-ғалымдар, практикалық қазақ тілінің белді мамандары, ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларын қалыптастыру жұмыс тобының мүшелері өткізіп отыр. Сараптама нәтижесі бойынша сараптамалық қорытындылар әзірленеді.
Қазіргі таңда азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша бағалау үшін 70000-ға жуық тест тапсырмалары қолданысқа дайын. Тапсырмалар азаматтардың қазақ тілін меңгергендігін бес деңгей бойынша бағалайды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх