Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық компания қызметкерлері қазақ тілін меңгеру бойынша сынақ тапсырды
Ұлттық компания қызметкерлері қазақ тілін меңгеру бойынша сынақ тапсырды
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық таукен компаниясы» Акционерлік қоғамының 53 қызметкері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға тестілеу әдісімен сынақ тапсырды. Байқау сынақтары қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша өткізілді.
Аталған іс-шара Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру аясында атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін жыл сайын арттыру міндеті. Аталған нысаналы мақсатты азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Қазіргі таңда ҚАЗТЕСТ жүйесі қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша бағалау жүргізіп, халықаралық тәжірибелерге сай дамып келеді.
«Тау-Кен Самұрық» Акционерлік қоғамының бастамасы өзге де компаниялар мен жекелеген кәсіпкерлерге үлгі боларлық мемлекеттік тілдің бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы іс-шара болып табылады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх