Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Республикалық біліктілікті арттыру семинары өтті
Республикалық біліктілікті арттыру семинары өтті
Ағымдағы жылдың 23-26 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесе отырып «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын жетілдіру» тақырыбында төрт күндік республикалық біліктілікті арттыру семинарын өткізді. Семинарға ҚАЗТЕСТ жүйесі тест тапсырмаларының әзірлемешілері мен сарапшылары, өңірлік тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері құрайтын жалпы саны 69 адам қатысты. Семинардың алғашқы күні Ұлттық тестілеу ортылығының директоры Қ.С. Әбдиев қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен және ҚАЗТЕСТ жүйесінің даму кезеңдері мен жетістіктері туралы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті, Талдау және мониторинг басқармасының бастығы Г.Тәуелқызы мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау, қазақ тілін оқытудың инфрақұрылымын дамыту жайында, ҰТО Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі А.Т. Әбдіхалықов қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың әдіснамасын жетілдіру және тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдары мен сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту мәселелері жөнінде баяндама жасады. Тіл меңгерудегі коммуникативтік құзыреттілік ұғымын ғылыми тұрғыда нақтылап, оның құрамдас бөліктерін тіл оқыту барысында қалыптастыру ерекшеліктерін баяндады. Тілді оқыту мен тіл меңгеру деңгейін бағалауды бір-бірінен ажырамас тұтас үдеріс тұрғысынан ғылыми негіздемелердің ерекшеліктерін келтірді. Одан әрі қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде әзірленген оқулық авторларының бірі, «Haileybury Astana» мектебінің оқытушысы, А.Т. Бозбаева қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуда әдістеменің тиімділігі, өміршеңдігі мен заманауи талаптарға сәйкестігі туралы жан-жақты мәлімет беріп, олардың ерекшеліктеріне шолу жасады. Мемлекеттік тілді оқытуға арналған типтік бағдарлама, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары және қазақ тілін оқытуға арналған бес деңгейлік оқулықтың мазмұндық сабақтастығы жайлы жете түсіндіріліп, жекелеген тақырыптарға байланысты мысалдар келтірді. Сондай-ақ, қазақ тілін оқытудағы туындайтын түрлі мәселелерді шешу, қиындықтарды жеңу мен оларды болдырмау жолдары туралы қызу пікірталас болды. Семинардың екінші күні қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерінің негізгі қағидаты, қалыптасуы қажет тілдік дағдылар, олардың оқыту мен меңгеруді бағалаумен ара байланысы туралы ғылыми көзқарастан басталды. Басқарма жетекшісі А.Т. Әбдіхалықов ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдеріне тереңірек тоқталып, олардың сапасын арттыру мақсатында қазақ тілін оқыту әдістемесімен тікелей байланыстырып, нәтижеге бағытталған білім беру принципі бойынша талдамалар жасады. Осы ізбен филология ғылымдарының докторы, Сүлеймен Демирел университетінің оқытушысы Жолшаева Майра Сатыбалдықызы тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын жетілдіру мен тест тапсырмаларының сапасын арттыру жолдарын ұсына отырып, сөйлеу әрекетінің түрлері, атап айтқанда, «Тыңдалым», «Лексика-грамматика», «Оқылым», «Жазылым» бөліктерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдады. Үшінші күннің бірінші бөлігінде ҰТО Мемлекеттік тілдерді дамыту басқармасы, Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Ж. С. Бейсембаева «Тыңдалым» бөлігі бойынша, екінші жартысында Тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі М.Ғ. Садуақасова «Оқылым» бөлігі бойынша, ал семинардың төртінші күні Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші сарапшысы Ш. Х. Балғожина «Лексика-грамматика» бөлігі бойынша Ж.С.Бейсембаева «Жазылым» бөлігі бойынша тест тапсырмаларының ерекшеліктері негізінде практикалық талдамалар жасады. Практикалық дәрістерде әрбір бөліктің өзіндік ерекшелігі, мақсаты мен міндеті, тест тапсырмаларына қойылатын талаптар, олардың қиындық деңгейі, тапсырма түрлері мен көлемі толық қамтылды. Сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша қалыптасатын тілдік дағдыларды көздей отырып, тест тапсырмаларын құрастырудың технологиясы таныстырылды. Әрбір тест тапсырмасының сапасының мақсатқа лайық болуына көңіл бөлініп, оған негіз болатын қағидаттарды, мысалы, жеңілден күрделіге өту принциптерін, спецификация талаптарын сақтай отырып орындаудың маңызын алға тартты. Біліктілік арттыру семинары барысында қатысушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша өз ойларымен, көкейінде жүрген сауалдарымен бөлісті. Семинар соңына қарай семинардың өткізілуі, мазмұны мен мақсатқа жету ерекшеліктерін тәуелсіз бағалау үшін тыңдаушыларға сауалнама таратылып берілді. Сауалнама қорытындысы семинардың жоғары деңгейде өткенін дәлелдеді. Біліктілікті арттыру семинары көздеген мақсатына жетіп, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмалары жайында толық мәлімет берілді. Семинарды табысты аяқтаған қатысушыларға ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы атынан сертификат табысталды.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх