Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Аумақтағы тіл саясаты» тақырыбындағы семинар
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 14-17 мамыры аралығында «Аумақтағы тіл саясаты» тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинарға барлық облыстық, Астана, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармаларының және аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының басшылары қатысты.
Семинарда әр аймақтағы тілдік саясаттың жүргізілуі, мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайын сараптау, талдау мәселелері қарастырылды. Семинар барысында мемлекеттік тілді оқытуды жүйелеу мақсатында қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелері де талқыланды. ҚАЗТЕСТ жүйесін оқытудың нәтижесін бағалау үдеріс ретінде пайдаланудың сұрақтары қарастырылып, жыл соңына дейін пилоттық жоба ретінде әрбір облыста байқау тестілеуін өткізу ұсыныстары айтылды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх