Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтары өткізілді
«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтары өткізілді
Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық медициналық холдинг» Акционерлік қоғамымен бірлесіп 2012 жылдың 13 ақпаны мен 20 наурызы аралығында «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша байқау сынақтарын өткізді.
Байқау сынағына жалпы саны 1829 қызметкер қатысты.
Олар,
- Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығынан – 186 қызметкер,
- Республикалық балаларды оңалту орталығынан – 391 қызметкер,
- Республикалық диагностикалық орталықтан – 337 қызметкер,
- Республикалық ғылыми нейрохирургиялық орталықтан – 436 қызметкер,
- «Демеу-УМХ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша – 12 қызметкер,
- «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық медициналық холдинг басшылығы бойынша – 450 қызметкерден астам;
- басқарушы құрамынан 17 адам қатысты.
Атқарылған бұл іс-шара Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталып отыр. Келесі кезекте байқау сынақтарының нәтижелері бойынша тілді оқытуды жүйелеу мен тілді меңгеру деңгейіне сәйкес талаптарды нақтылау жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруіне септігін тигізетін жұмыстар атқарылады.
Медициналық қызметкерлер арасындағы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау халықаралық тіл білімін бағалау жүйелеріне сәйкес сөйлеу әрекетінің түрлері (тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым) бойынша жүргізілді. Тестілеу емтихандарына басшылықтан бастап ұйымның қызмет көрсетуші персоналына дейін қатысты, оның ішінде дәрігерлер, бөлім басшылары және меңгерушілер, мейірбикелер және орта медициналық қызметкерлер бар.
Тестіленушілердің елу пайызға жуығы 30-45 жас аралығындағы орта жастағы қызметкерлер, ал 29,5% тестіленуші 20-30 жас аралығындағы жастардан тұрады. Ал, жасы үлкен 45-60 аралығындағы қызметкерлердің пайыздық үлесі 25,6% құрайды. Ұсынылған 150 тест тапсырмаларынан ең жоғары нәтиже 130 ұпайды көрсетті. Қазақ тілі ана тілі болып саналмайтын өзге ұлт өкілдерінің үлесі тестіленушілердің 4,4% құраса, 95,6% тестіленуші ана тілі қазақ тілі болып саналатын қызметкерлер.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх