Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары әзірлемешілері мен сарапшыларына арналған авторлық курс өткізілді
ҚАЗТЕСТ тапсырмалары әзірлемешілері мен сарапшыларына арналған авторлық курс өткізілді
Ұлттық тестілеу орталығы 2012 жылдың 20-24 ақпан аралағында ресейлік «Педагогические измерения» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы, тестолог-ғалым, профессор Вадим Сергеевич Аванесовтың «Педагогикалық өлшеу теориясы мен әдістемелері» тақырыбындағы авторлық курстарын ұйымдастырды.
Азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу мен сараптама жұмыс тобының біліктілік дәрежесін әрдайым арттырып отыру – Ұлттық тестілеу орталығының негізгі қызметтерінің бірі. Әзірлемешілер мен сарапшылар үшін әдістемелік қолдау көрсету барысында педагогикалық өлшеу теориясы мен практикасы бағытындағы халықаралық тәжірибелер мен ғылыми жетістік нәтижелерінің маңызы жоғары болып саналады. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сапалы тест тапсырмаларын қалыптастыру және соның негізінде тілді оқыту үдерісін жүйелеуде авторлық курстың мазмұны мәселеге сәйкес келді.
Курстар барысында В. Аванесов тест тапсырмаларының түрлері, олардың тиімділік дәрежелері, мақсатқа лайықтау тәсілдері, білім беру үдерісіндегі бағалау құралдарын пайдалану әдістері, тестілеу нәтижесі бойынша тапсырмаларды сараптау мен талдау жолдары туралы дәрістері өте тартымды да қызықты өтті.
Авторлық курстарға ҚАЗТЕСТ жүйесін жетілдіру жұмыс тобының мүшелері болып табылатын Қазақстан Республикасының аймақтарында орналасқан өңірлік мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен қазақ тілінің оқытушылары қатысты. Барлығы 40 адам 5 күн бойы авторлық курстың дәрістері мен практикалық сабақтарын тыңдады. Практикалық жұмыстар барысында әрбір тыңдаушы ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша 100 тест тапсырмасынан әзірледі. Тест тапсырмалары сөйлеу әрекетінің түрлеріне сәйкес техникалық талаптарға келтірілді.
Авторлық курстар соңында сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында «Авторлық курстар мазмұны қазақ тілін оқыту барысында қаншалықты қажетті?», «Сіздің ойыңызша, авторлық курс өз мақсатына жетті ме?», «Сіздің ойыңызша автордың материалды түсінікті беру дәрежесі қандай?» деген сияқты бірнеше сауалдар тыңдаушылар назарына ұсынылды. Сауалнамаға жауап беру ерікті және жауап беруші туралы мәліметтер көрсетілмейтін жағдайда өткізілді. Сауалнама нәтижесінде авторлық курс өз мақсатына жеткендігі, автордың кәсіби дәрежесінің өте жоғарылығы, қазақ тілін оқыту барысында ҚАЗТЕСТ жүйесін ертерек енгізу қажеттігі, авторлық курстың ұйымдастыру дәрежесінің жоғарылығы және курстарды жиірек өткізу қажеттілік дәрежесінің жоғарылығы дәлелденді.
Авторлық курстарды сәтті аяқтаған тыңдаушыларға автормен келісілген жағдайда Ұлттық тестілеу орталығының сертификаттары табысталды.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх