Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер, сарапшылар, «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілерге іріктеу бойынша БАЙҚАУ


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілер, сарапшылар, «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілерді іріктеу бойынша 2024 жылға қосымша байқау (конкурс) жариялайды.

Құжаттардың толық пакеті kaztest23@mail.ru электронды поштасына 2024 жылғы 1 сәуірге дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты 8 (7172) 69-52-96 телефоны арқылы алуға болады.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1. Құжаттарды қабылдау (Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда байқау комиссиясының қарауына қабылданбайды);

2. Байқау (конкурс) комиссиясы қатысушылардың құжаттарының талапқа сәйкес/сәйкес емес екендігі туралы шешім шығару;

3. Іріктеуден өткен үміткерлермен әңгімелесу.

 

Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын талаптар.

 

Әзірлеуші, сарапшы, тексерушілерге қойылатын талаптар:

1) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар филология (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандары;

2) еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес 3 (үш) жылдан кем емес еңбек (мүмкіндігінше педагогикалық) өтілінің болуы;

3) педагог-шебер немесе педагог-зерттеуші (мектеп мұғалімдері үшін) дәрежесінің берілгендігі/академиялық немесе ғылыми дәрежесі (магистр, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторлары үшін) туралы куәліктің болуы;

4) білім саласындағы нормативтік құжаттарды білуі (стандарттар, бірүлгі бағдарламалар, т.б);

5) компьютермен жұмыс істеу дағдыларын білуі;

6) педагогикалық өлшеулердің теориялық және қолданбалы негіздерін, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу қағидаларын білуі қажет.

 

Іріктеу байқауына қатысушылардан талап етілетін құжаттар.

- түйіндеме;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- жоғары білімі туралы, ғылыми дәрежені алғаны туралы дипломының көшірмесі;

- Жоғары деңгей (С1) сертификаты (бар болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге қатысты құжаттардың көшірмесі (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже және атақ иелену, категориялар; ғылыми басылымдардың, сертификаттардың көшірмесі, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мінездеме, ұсыным және өзге де мәлімдемелер).

 

Әңгімелесу барысында үміткерлерге қойылатын талаптар.

- мемлекеттік тілді білу деңгейі;

- Қазақстан Республикасының Білім туралы, Қазақстан Республикасының Ғылым туралы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы, Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын білуі;

- қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін білу деңгейі;

- педагогикалық өлшеулердің теориясы мен практикасын меңгеруі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх