Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Ұлттық стандарттардың 3-басылымы қолданысқа енгізілді

Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын Ұлттық стандарттардың 1 және 2-басылымдары  2009, 2015 жылдары бекітілген. Стандарттар әрбір 5 жыл сайын жаңартылып толықтырылады.

Ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқыту мен бағалау үдерісін жүйелейтін бірден-бір нормативті құжат ретінде анықталған.

Ұлттық стандарттар негізінде қазақ тілін оқытудың мазмұны мен деңгейлер бойынша көлемі, қазақ тілін меңгерудің деңгейлік талаптары жүйеленген.

Аталған стандарттар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2023 жылғы 7 қарашадағы № 428-НҚ бұйрығымен келесі мазмұнда:

 

ҚР СТ 1926-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1928-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1929-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1925-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру»;

ҚР СТ 1927-2023 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру» жаңартылып, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

 

Стандарттардың «Б» қосымшасының «Азаматтық қызметшілер» бөліміне ҚР ЖОО-ның докторантурасы мен магистратураға түсушілер санаты қосылды.

2022 жылдан бастап ҚР  ЖОО-ның докторантурасына түсушілері үшін ҚАЗТЕСТ сертификатын ұсыну міндеттелген.

Ал, ҚР  ЖОО-ның магистратурасының түсушілерінен ҚАЗТЕСТ сертификатын талап ету мәселесі қарастырылу үстінде.

Қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша емтихан нәтижелерін беруді оңтайландыру мен жеделдікті арттыру, артық қағазбастылықты болдырмау мақсатында ҚАЗТЕСТ сертификаты 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап электронды түрде беріле бастады. Сертификаттың электронды нұсқасының нысаны да Стандарттың «Б» қосымшасына енгізілген.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх