Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Бішкек қаласында халықаралық конференция өтті

2023 жылғы 24-25 қараша күндері Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері «Қырғызтест» мемлекеттік мекемесінің 5 жылдығына арналған конференция жұмысына қатысты. 


MG_8018-1-1080x720.jpg


«Қырғыз Республикасында деңгейлік тілдік тестілеу жүйесін дамыту» тақырыбында өткен жиында Қырғыз Республикасының Президент Әкімшілігі, Ұлттық аттестаттау комиссиясы, Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның басшылары мен қоғам қайраткерлері, шетелдік қонақтар «Қырғызтест» мекемесінің мерейтойымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Конференция барысында «Қырғызтест» ММ директоры Б.Б.Топоева-Ставинская «Қырғызтест» жүйесінің құрылуы мен қалыптасуында ҚАЗТЕСТ жүйесінің өзіндік ықпалы болғанын да тілге тиек етті.


IMG_5898.jpg


Аталған басқосудың пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Әбдісаттарқызы Дидарбекова «ҚАЗТЕСТ жүйесі: енгізу тәжірибесі, жетістіктері мен даму болашағы» тақырыбында баяндама жасап, екі бауырлас елдің тілдік тестілеу жүйелері арасындағы байланыс пен серіктестікті әрі қарай дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Ұлттық тестілеу орталығы мен «Қырғызтест» мекемесі арасындағы екіжақты меморандумға қол қойылды.


IMG_8590-1-1080x720.jpg


«Қырғызтест» түркітілдес елдер ішінде тілдік деңгейді бағалайтын тестілеу жүйелерінің ортақ мәселелерімен айналысатын қауымдастық құру қажеттілігін негіздеп, бастамашылық танытып отыр.

Жиын соңында Қырғызтесттің ҚАЗТЕСТ және ТРКИ тілдік тестілеу жүйелерімен өзара байланысын нығайту мен дамыту перспективалары белгіленді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх