Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚР Сыртқы істер министрлігінде QAZTEST өткізілді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында QAZTEST жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу сынағын өткізді.

 

WhatsApp Image 2023-10-20 at 15.53.21.jpeg


Іс-шараның ресми ашылуында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ж.Әділбаев және Коммуникациялар департаментінің директоры А.Смадияров сөз сөйледі.  Министрлік және QAZTEST жүйесін дамыту басқармасының өкілдері өткізіліп отырған тестілеудің мәні мен маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, беделін арттырудағы орнын атап өтті.

 

WhatsApp Image 2023-10-20 at 15.53.22.jpeg


Мемлекеттік қызметшілер диагностикалық тестілеуде сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым және Оқылым бөліктері бойынша тестілеу жұмысын орындап шықты.


QAZTEST тестілеуіне Министрліктің 100-ге жуық қызметкері қатысты.


Аталған іс-шараны ұйымдастырып өткізуге атсалысқан ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы мен ұжымына Ұлттық тестілеу орталығы атынан алғыс білдіреміз.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх