Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілерді іріктеу бойынша өткізілетін қосымша байқау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілерді іріктеу бойынша    2023 жылға қосымша байқау (конкурс) жариялайды.

Ескерту: Іріктеу Астана қаласының мамандары арасында ғана жүргізіледі.

Құжаттардың толық пакеті kaztest23@mail.ru электронды поштасы арқылы электронды түрде қабылданады.

Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда байқау комиссиясының қарауына қабылданбайды.

 

Байқауға (конкурсқа) қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қазақ тілі мен әдебиеті мамандары;

2) еңбек кітапшасындағы жазбаларға сәйкес 3 (үш) жылдан кем емес еңбек (мүмкіндігінше педагогикалық) өтілінің болуы;

3) педагог-шебер немесе педагог-зерттеуші (мектеп мұғалімдері үшін) дәрежесінің берілгендігі/академиялық немесе ғылыми дәрежесі (магистр, PhD докторы, ғылым кандидаты, ғылым докторы) туралы куәліктің болуы;

4) білім саласындағы нормативтік құжаттарды білуі (стандарттар, бірүлгі бағдарламалар, т.б);

5) білім саласындағы жетістіктері мен марапаттаулары (болғаны дұрыс);

6) компьютермен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;

7) педагогикалық өлшеулердің теориялық және қолданбалы негіздерін, тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу қағидаларын білуі;

8) білімді тестілік бақылау әдістемесін білу қажет;

9) педагогикалық өлшемдер бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттың болуы құпталады.

 

Іріктеу байқауына қатысушылардан талап етілетін құжаттар тізбесі:

- түйіндеме;

- жеке куәліктің көшірмесі;

- жоғары білімі туралы, ғылыми атақты алғаны туралы дипломының көшірмесі;

- жұмыс істейтін мекеме басшысының ұсынымхаты (бар болған жағдайда);

- білім, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейге қатысты құжаттардың көшірмесі (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже және атақ иелену, категориялар; ғылыми басылымдардың, сертификаттардың көшірмесі, кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мінездеме, ұсыным және өзге де мәлімдемелер).

 

Іріктеу байқауына қатысушылар құжаттардың толық пакетін байқауға (конкурсқа) хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жіберулері тиіс.

1. Байқау (конкурс) комиссиясы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде іріктеу байқауына (конкурсына) қатысушылардың құжаттарының талапқа сәйкес/сәйкес емес екендігі туралы шешім шығарады.

2. Шешім шығарылғаннан кейін 2 (екі) күн ішінде:

- үміткерлерге әңгімелесу өтетін күн туралы;

- әңгімелесуден өтпей қалған іріктеу байқауына (конкурсқа) қатысушыларға байқау (конкурс) комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді.

Хабарлама телефон арқылы немесе іріктеу байқауына (конкурсқа) қатысушылардың электронды пошталарына жіберіледі.

Әңгімелесу барысында үміткерлердің:

- мемлекеттік тілді білу деңгейі;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Қазақ Республикасындағы Тіл туралы» заңды, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын білуі;

- қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін білу деңгейі;

- педагогикалық өлшеулердің теориясы мен практикасын меңгеруі тексеріледі.

3. Үміткерлермен әңгімелесу. Әңгімелесуге кіруге рұқсат беру шешімі шығарылғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде өткізіледі.

4. Әңгімелесуден кейін 2 (екі) күн ішінде өткізілетін байқау (конкурс) комиссиясының қорытынды отырысында құжаттар мен әңгімелесудің нәтижесі бойынша үміткерлердің арасынан тапсырмаларды әзірлеуші мен сарапшыларды іріктейді.

5. Байқау (конкурс) комиссиясының хатшысы іріктеу байқауының нәтижесін үміткерлерге 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

6. Байқау комиссиясының шешімі мен іріктелген үміткерлер тізімі байқау комиссиясының қорытынды отырысынан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады.

 

ҚАЗТЕСТ жүйесінің «Жазылым» және «Айтылым» бөліктерінің жұмыстарын тексерушілер келісімшарт негізінде еңбекақы алуға құқылы.

 

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 69-52-96 телефоны арқылы алуға болады.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх