Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласында QAZTEST өтті

2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік, бюджеттік сала және ұлттық компания мен холдинг қызметкерлеріне қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында QAZTEST жүйесі бойынша кезекті тестілеу өткізді. Тестілеуге 1990 адам қатысып, оның 201-і сертификат алуға ниет білдірді.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. 

Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым және айтылым бөліктері бойынша жүргізілді.

Кезекті QAZTEST тестілеуін ұйымдастыруға атсалысқан Алматы қаласы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх