Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысында QAZTEST тестілеуі өтті

2023 жылдың 2-5 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға және бағалауға бағытталған QAZTEST жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізілді.

Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым және айтылым бөліктері бойынша жүргізілді.

Жалпы тестілеуге 597 адам қатысты, оның ішінде 542 тестіленуші диагностикалық және 55 тестіленуші сертификаттық тестілеуден өтті.

Аталған іс-шара Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұжымымен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараға аса жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ұйымдастырылған тестілеу үшін Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұжымына алғыс білдіреміз.


02.JPG



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх