Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында QAZTEST өткізілді

2023 жылғы 10-14 сәуір аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша Түркістан  облысында диагностикалық және 15-16 сәуір күндері Шымкент қаласында сертификаттық тестілеулер өткізілді. Түркістан  облысы бойынша диагностикалық тестілеуге 917 адам қатысты. Жоспарға сәйкес Шымкент қаласында 200 адам сертификаттық тестілеуге қатысуға ниет білдіріп, оның нақты 105 адам сертификаттық тестілеуге қатысты.

Тестілеуге Түркістан облысының Түркістан қаласы, Сауран, Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. Тестілеуге облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен әскери сала қызметшілері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.


341102627_904270120803032_8148442898052857810_n.jpg



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх