Құрметті тестіленушілер!
QAZTEST жүйесі бойынша көшпелі сертификаттық тестілеуді Семей қаласында қараша айының 13-14 күндері өткізуді жоспарлап отырмыз. Тестілеуге қатысу үшін өтінімді «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.
Семей қаласында өтетін тестілеуге қатысу үшін өтінімді төмендегі сілтемеде ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы қалдырсаңыз болады.
→ Семей қаласы. 13-14 қараша. (А1, В1) - Өтінім қабылдау аяқталды (11.11.2022)
Тестілеу орны мен уақыты туралы хабарлама жеке пошталарыңызға кейінірек жіберіледі.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz