Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тараз қаласында QAZTEST өтті

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылғы 10-12 қазан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласының мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері QAZTEST сынағын тапсырды.  

Диагностикалық тестілеуге 650, сертификаттық тестілеуге 24 адам қатысты. Диагностикалық тестілеуде сөйлеу әрекетінің түрлері тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, бөліктері болса, сондай-ақ, сертификаттық тестілеуде сөйлеу әрекетінің өнімді түрлері жазылым және айтылым бөліктері қамтылған.

Аталған іс-шараны ұйымдастырып өткізуге атсалысқан Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының басшылығы мен ұжымына Ұлттық тестілеу орталығы атынан алғыс білдіреміз.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх