Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қарағанды облысында QAZTEST сынағы өтті

2022 жылғы 26-30 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізілді. Аталған тестілеу тестіленушілердің мемлекеттік тілді орта (В1) және ортадан жоғары (В2) деңгейлерде білу деңгейлерін бағалау және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.

Диагностикалық тестке барлығы 390 адам қатысты. Тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым бөліктері бойынша барлығы 100 тапсырма орындады.

Сертификаттық тестілеуге жалпы саны 16 адам қатысты. Сертификаттық тестілеу 3 деңгей бойынша өткізілді. Сертификаттық тестілеу бойынша тестіленушілерге Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым бөліктері бойынша тест тапсырмалары, Жазылым бөлігі бойынша мазмұндама және эссе түріндегі жазба жұмыстары ұсынылды. Сонымен қатар Айтылым бөлігі бойынша ауызша тапсырмалар орындады.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх