Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысында QAZTEST өтті

2022 жылғы 30 мамыр - 3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, мемлекеттік, бюджеттік сала, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының қызметкерлеріне қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында QAZTEST жүйесі бойынша кезекті тестілеу өткізді. Тестілеу жұмысына Орал қаласы мен Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау,  Бөрлі аудандарынан 761 адам қатысып, оның 121-і сертификат алуға ниет білдірді.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. 

Диагностикалық тестілеу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым бөліктері бойынша, ал сертификаттық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, жазылым және айтылым бөліктері бойынша жүргізілді.

Кезекті QAZTEST тестілеуін ұйымдастыруға атсалысқан Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасына алғысымызды білдіреміз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх