Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы
«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың интерактивті байқау тестілеуі» бағдарламалық жабдықтауы әзірленді. Бағдарламалық жабдықтау қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған интерактивті байқау тестілеуді өткізу үшін әзірленген, оңай орнатылады, күйге келтіріледі, қызмет көрсетеді, әкімшінің және қолданушының дамыған, түсінікті графикалық интерфейсі бар. Бағдарламалық жабдықтау ашық жүйелердің стандарттарына сәйкес жасалған, деректерді жіберу желісі болған жағдайда ішкі жүйе арасында клиент-сервер құрылымында жұмыс істейді. Жүйе әлемдік деңгейдегі вендорлардың бірінің өндірістік платформасында жасап шығарылған және өнеркәсiптiк мәліметтер қорын басқару жүйесін қолдануымен құрастырылған. Мәліметтер қоры сервері ретінде FireBird 2.5 мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) қолданылады.
ИБТ БЖ  модульдік ұстаным бойынша әзірленген. ИБТ БЖ құрамындағы әрбір модуль (ішкі жүйе) қолданушыға белгілі бір функционалдық мүмкіндіктерді ұсынады. Жоба аясында үш модуль жасалынды: «Тест тапсырмаларының мәліметтер қоры» Автоматтандырылған жұмыс орны», «Тестілеу процесін басқару» Автоматтандырылған жұмыс орны», «Интерактивті тестілеу» Автоматтандырылған жұмыс орны».
Бағдарламалық жабдықтауда бөгде адамдардың бағдарламалық жабдықтаудың рұқсат етілмеген бөліктеріне енуінен қорғайтын сақтық шаралары жасалған. Бөгде адамдардың қатарына тестіленушілер мен жүйе бойынша қызметті қамтамасыз ететін мамандар да кіреді. Бағдарламалық жабдықтаудың интерфейсі мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.
Бағдарламалық жабдықтаудың инсталяциялық пакетінің DVD-дигипак формасындағы DVD дискіде 5000 тиражы жасалды.
Мемлекеттiк тiлді оқытудың аймақтық орталықтары, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламалық жабдықтаудың инсталяциялық пакетімен жеткiлiктi данада қамтамасыз етілетін болады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх