2022 жылғы 25-29 сәуір күндері Ақтөбе облысының мемлекеттік, бюджеттік сала, мемлекеттік қызмет көрсету мекемелерінің қызметкерлері және әскери сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі QAZTEST бойынша тестілеу өткізілді.
Тестілеуге жалпы 931 адам қатысты.
Диагностикалық тестілеуден өткен қала-аудандар:
Ақтөбе қаласы – 324;
Қобда ауданы – 225;
Қарғалы ауданы – 240.
Аталған іс-шара Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы және Тілдерді оқыту орталығы ұжымымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға белсене қатысатын аймақтардың бірі.
проспект Победы, 60
test@kazakhtest.kz