Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы қаласында QAZTEST тестілеуі өтті

PHOTO-2022-04-26-15-46-06.jpg

2022 жылғы 18-22 сәуір аралығында Алматы қаласында қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеу өтті. Тест Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Диагностикалық тестке келесі мекеменің қызметкерлері қатысты:

-       Алматы қаласы аудандарының әкімдік аппараттары;

-       ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы академия;

-  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті;

-       ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Алатау» балалар клиникалық санаторийі;

Тестке барлығы 1239 адам қатысты. Тестіленушілер тестті ықшамдалған жаңа форматта тапсырды. Тыңдалым, лексика-грамматика және оқылым бөліктері бойынша барлығы 100 тапсырманы 1 сағат 40 минутта орындады.

Алматы қаласы әкімінің аппараты бірнеше жылдан бері QAZTEST жүйесін дамыту басқармасымен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Кезекті тестілеуді ұйымдастыруға ат салысқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх