Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Тіл құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құрал
Тіл құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу әдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-әдістемелік құрал
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің тапсырысымен оқу-әдістемелік құрал әзірленіп, баспадан жарық көрді. Құрал бес деңгей бойынша әзірленіп, баспадан жарық көрді – қарапайым деңгей A1, базалық деңгей А2, орта деңгей B1, ортадан жоғары деңгей B2, жоғары деңгей C1.
Қазақ тілін меңгерудің бес деңгейі бойынша әзірленген оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау емтиханына дайындалу үшін ұсынылады.
Емтиханға дайындық нәтижелі болу үшін тіл қолданушыға бастапқы бағыт ретінде әр сөйлеу әрекетінің түріне қысқаша шолу жасалынған, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін алдын ала тест ұсынылады, тілдік дағдыларды қалыптастыру мақсатында әр бөлік бойынша тест тапсырмаларына талдау жасалынып, дұрыс жауапты анықтау тәсілдері берілген, тілдік дағдыларды шыңдау үшін қорытынды тест ұсынылады, қосымшада қазақ тілін меңгеру деңгейіне сәйкес жаттығу тапсырмалары мен анықтамалық ақпарат берілген, сондай-ақ қосымшада тест тапсырмаларының дұрыс жауап кілттері мен аудиожазбалардың мәтіндері қамтылған.
Оқу-әдістемелік құралдарға CD-дискіне қазақ тілін меңгеру деңгейіне сәйкес Тыңдалым және Жазылым бөліктерінің  аудиожазба мәтіндері қосымша беріледі.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх