Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің назарына
«Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес В1 (Орта) деңгейінен кем емес нәтижесі бар Қазтест сертификатын ұсынуы қажет. Осыған орай, COVID-19 инфекциясының таралу жағдайын ескере отырып, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК көшпелі сертификаттық тестілеу өткізуді жоспарлап отыр. Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өтінімдері бойынша 2021 жылғы 7-8 қазан күндері Алматы қаласында ұйымдастырылады.