Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды

2021 жылғы 28-30 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеулер өткізілді. Биылғы жылғы ең алғашқы диагностикалық тестілеу аталған өңірден басталғанын айта кеткен жөн.  

Диагностикалық тестілеуге барлығы 184 адам қатысты. Оның ішінде:
- мемлекеттік қызметшілер саны – 158 адам;
- бюджеттік сала қызметкерлері – 26 адам. 

Сертификаттық тестілеуге жалпы саны 100 адам қатысты. Сертификаттық тестілеу барлық 5 деңгей бойынша өткізілді. Сетификаттық тестілеу бойынша тестіленушілерге Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым және Оқылым бөліктері бойынша тест тапсырмалары мен Жазылым бөлігі бойынша диктант, мазмұндама және эссе түріндегі жазба жұмыстары ұсынылды. Облыс тұрғындары үлесінің басым көпшілігі өзге ұлт өкілдері және аталған өңірде мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі өткір де өзекті болғандықтан, тестіленушілердің едәуір бөлігіне кейбір тапсырмаларды орындауда біршама қиындықтар туғызды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді оқыту орталығы көп жылдар аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасымен тығыз байланыста қызмет атқарып келеді. Әріптестерімізге кезекті тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреміз. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх