Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мен «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

2019 жылғы 17 қазанда «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ-ның базасында «Қазақ тілін креативті оқыту» орталығының салтанатты ашылуы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Д.Н.Смағұлов қатысты. Іс-шара барысында «M.S.Narikbaev atyndagy KAZGUU Universiteti» АҚ мен «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК арасында екіжақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – екі тараптың ұйымдастыруымен өткізілетін ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференциялар мен басқа да іс-шараларға қатысу және білім, тәжірибемен алмасу, қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдіс-тәсілдерін ұсыну, мемлекеттік тілді үйретудің ерекше және қалыптан тыс тәсілдерін жұмыста пайдалану және көпшілікке насихаттау.

Кездесуде екі тараптың алға қойылған мақсат-міндеттері белгіленіп, келешек жоспарлары талқыланды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх