Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
2019 жылдың ІІ жартыжылдығына ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қоры жинақталды

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру мақсатында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында 2019 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында іссапарда болды.

Тест тапсырмаларын ҚАЗТЕСТ жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес (Ұлттық стандарттар, Тест спецификациясы, лексикалық минимумдар) жоғары оқу орындарының, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Сулейман Демирел университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тілші-ғалымдары, әдіскер мамандары әзірледі.

Ағымдағы жылғы 23-26 қыркүйек аралығында ҚАЗТЕСТ тапсырмаларының 1-сараптамасы, 1-4 қазан аралығында 2-сараптамасы өткізілді. Барлығы 22 тілші, тестолог маман сараптамаға тартылды.

2019 жылдың ІІ жартыжылдығында сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша (Тыңдалым, Лексика-грамматикалық бөлік, Оқылым, Жазылым) жалпы саны 8000 тест тапсырмасы жинақталды. Ұлттық тестілеу орталығының арнайы студиясында кәсіби дикторлармен қазақ тілінің орфоэпикалық нормаларын, меңгеру деңгейін сақтай отырып, «Тыңдалым» және «Жазылым» бөлігі бойынша 750 аудиомәтін жазылды.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх