Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
«Haileybury Astana», «Haileybury Almaty» халықаралық мектептерінің оқушылары ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен «Haileybury Astana», «Haileybury Almaty» білім беру ұйымдары арасында 2019 жылғы ақпанда жасалған келісімшартқа сәйкес ағымдағы жылғы 3-5 маусым аралығында алғаш рет еліміздегі британдық мектеп оқушылары ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өтті.  

Оқушылардың тілді меңгеру дәрежелері бойынша ҚАЗТЕСТ сынағы  бейімделген және базалық бағытта әзірленді.  Екі бағыт бойынша «Haileybury Astana» мектебінің 20, «Haileybury Almaty» мектебінің 20 оқушысы сертификаттық тестілеуден өтті.  

ҚАЗТЕСТ сынағы Тыңдалым, Оқылым, Жазылым, Сөйлесім сияқты сөйлеу әрекетінің 4 бөлігін қамтыды. 

Диалог, мәтін, эссе тақырыптары және тапсырмалар аталған мектептің оқу бағдарламасы негізінде таңдалып, әзірленді. Тест тапсырмаларын әзірлеуге тестология саласына маманданған, тілші-мамандар, әдіскерлер жұмылдырылды.

Тестілеу қорытындысы бойынша оқушыларға ҚАЗТЕСТ сертификаттары табыс етілді. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх