Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атырау облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті
Атырау облысы ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті

2019 жылғы 17 - 19  сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Атырау облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесеотырып, мемлекеттік және бюджеттік  сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында  ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша кезекті тестілеуді ұйымдастырды. Тестілеу жұмысына Атырау қаласымен қатар Махамбет  ауданының мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты.

Өңір бойынша қатысқан адамдар саны –1653. Оның ішінде 335-і мемлекеттік, 1318-і бюджеттік сала мамандары.Тестілеуге облыстық департаменттер мен басқармалар, қалалық, аудандық мемлекеттік мекемелер, бюджеттік сала қызметкерлері қатысты.  

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх