Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ Қостанай облысында өткізілді
ҚАЗТЕСТ Қостанай облысында өткізілді
Ағымдағы жылғы 11-15 наурыз аралығында Қостанай облысы бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесінің диагностикалық және сертификаттық тестілеуі өткізілді. Диагностикалық тестілеуге қала, аудан, ауылдық округтардың мемлекеттік қызметшілері,  бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметшілері  қатысты.  
Атап айтқанда Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалалары, сондай-ақ Қостанай, Алтынсарин, Қарасу, Сарыкөл, Әулиекөл, Наурызым, Меңдіқара, Ұзынкөл, Қарабалық, Федоров, Денисов, Жітіқара, Қамысты, Таран, Амангелді, Жангелдин аудандары тегіс қамтылды.
Сонымен қатар Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша сертификаттық тестілеуден өтті. Диагностикалық тестілеуге жалпы саны 2978 адам қатысса, 36 адам сертификаттық тестілеуден өтті.
ҚАЗТЕСТ-ті ұйымдастыруға және өткізуге Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы, қалалық және аудандық әкімдіктердің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, сондай-ақ Тілдерді оқыту орталықтары атсалысты.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх