Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
ҚАЗТЕСТ -  Шығыс Қазақстанда
ҚАЗТЕСТ - Шығыс Қазақстанда

2006 жылдан бері елімізде мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік тілді оқыту барысында тест арқылы тілдік білімді бағалау тәсілі тілдік дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. 

Еліміздің өңірлерінде тілдік құзыреттілікті тест арқылы бағалау технологиясының 10 жылдық тәжірибесі оның сөйлеу қабілеті мен дағдыларын тиімді және сапалы қалыптастыруға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша (Тыңдалым, Лексика-грамматикалық құрылым, Оқылым, Жазылым) меңгеру деңгейін анықтау кезінде отандық жүйенің жоғары рөлі мен әлеуметтік маңыздылығын дәлелдейді.

Кез келген қызметті, білім беру қызметін немесе өнімдерді, жүйелерді немесе емтихандарды дамыту мен жетілдіру үнемі өзгеруді, практикалық іске асыру барысында анықталатын тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Осы орайда қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың бірден –бір құралы - ҚАЗТЕСТ жүйесі жүйелі өзгерістерге ұшырап, қайта жаңартылуда.

Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен 2018 жылғы 10 қыркүйекте Өскемен қаласында  «ҚАЗТЕСТ-тің бүгінгі жай-күйі, құрылымы мен тілдік білімді бағалаудағы рөлі»  атты облыстық семинар жұмысы өткізілді. 

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк Мұқаметқали қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – ҚАЗТЕСТ-тің бүгінгі жай-күйі, тілдік білімді бағалаудағы рөлі жөнінде баяндап, ҚАЗТЕСТ-тің жаңа форматы жөнінде кеңінен талқылады.  

Семинарға облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың қызметкерлері, облыстық лингвистикалық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары мен әдіскерлері қатысты. 

Семинар соңында  қатысушыларға сертификат табысталды.

Сонымен бірге, семинар аясында 2018 жылдың 9-10 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен, Риддер қалаларында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДБҰ оқытушылары мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік және өзге де сала қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша сертификаттық тестілеу өткізілді. 

Тестілеуге жалпы 291 адам қатысты. Оның ішінде:

- А1 (қарапайым деңгей) – 79 адам;
- А2 (базалық деңгей) – 87 адам;
- В1 (орта деңгей) – 90 адам;
- В2 (ортадан жоғары деңгей) – 26 адам;
- С1 (жоғары деңгей) – 9 адам сертификаттық тестілеуден өтті. 

Ұлттық тестілеу орталығы ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың және Шығыс Қазақстан облысының тілдерді оқыту лингвистикалық орталығының басшылығы мен ұжымына семинар жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Ұйымдар мен серіктестер

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 67, 3 этаж, кабинет 15

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

info@kazakhtest.kz

Наверх