Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
2018 жылдың ІІ жартыжылдығына ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қоры жинақталды

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсырмаларының қорын қалыптастыру мақсатында ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма қызметкерлері Алматы қаласында 2018 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында іссапарда болды.   

Тест тапсырмаларын ҚАЗТЕСТ жүйесінің нормативтік құжаттарына сәйкес (Ұлттық стандарттар, Тест спецификациясы, лексикалық минимумдар) жоғары оқу орындарының, атап айтқанда,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының,  Сулейман Демирел университетінің, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің тілші-ғалымдары, әдіскер мамандары әзірлейді.  

2018 жылдың ІІ жартыжылдығында сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша (Тыңдалым, Лексика-грамматикалық бөлік, Оқылым, Жазылым) жалпы саны 8000 тест тапсырмасы жинақталды. 

Ағымдағы жылдың 17-19 қыркүйек аралығында әзірленген тест тапсырмаларының тәуелсіз сараптамасы өткізіледі. Тест тапсырмаларының сарапшылары – тестілеу және тілдік білім деңгейін бағалау саласында семинарлар, авторлық курстардан өткен тілші-ғалымдар, әдіскерлер мен тестология саласының мамандары.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх