Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілі мен мәдениетін зерттеудің бірегей жобасы  мажар жастарының арасында танымалдылыққа ие
Қазақ тілі мен мәдениетін зерттеудің бірегей жобасы мажар жастарының арасында танымалдылыққа ие

Мажар жастары арасында әлем тілдері мен мәдениетін зерделеуге арналған Лакителек халық институтының бірегей жобасы танымалдылыққа ие. 


Осы мақсатта Институт жыл сайын қазақ, орыс, украин, моңғол, белорус, мажар тілдері бойынша студенттерге Қазақстан, Ресей, Белорусь, Моңғолия елдерінен тіл мамандарын, мәдениеттанушыларды және басқа да мамандарды арнайы шақыртып, аталған елдердің тіліне, мәдениеті мен тарихына байланысты дәрістер жүргізуде.  


2018 жылғы 23 тамыз - 2 қыркүйек аралығында Лакителек Халық институтының (Венгрия) директоры, Венгрия Парламенті Төрағасының орынбасары Шандор Лежактың шақыртуымен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк Мұқаметқалиқызы аталған институтта мажар студенттеріне қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі жөнінде, отандық қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ті енгізу тәжірибесі, оның халықаралық тілдік білімді бағалау жүйелерімен байланысы мен тілдік білімді бағалаудағы рөлі жөнінде дәріс оқып, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша әзірленген қазақ тілінің деңгейлік оқулықтарымен таныстырды. Ұлттық тестілеу орталығы атынан ҚАЗТЕСТ оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдары сыйға тартылды. 

        

Сонымен бірге, мажар студенттеріне атақты түркітанушы-ғалым, этнограф, отыз екі тіл білген полиглот, соңына мол ғылыми мұра қалдырған Қоңыр Иштван Мандокидің шәкірті Венгрия Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері, қазақ тілін жете меңгерген түркітанушы-этнограф Давид Шомфаи Қара (Somfai Rara David) қазақ тілі, Қазақ ханды¬ғының тарихы және қазақ елінің қалыптасуы, қазақ музыкасы, қа¬зақ жерінде болған мажар саяхатшы¬лары, қазақтың наным-сенімдері, қазақтардың діні, қазақ-қыпшақ тіл туыс¬тығы жөнінде, этнограф, шығыстанушы Оңайша Мандоки қазақ тілі дәріс¬тері, қазақтың көне салт-дәстүрлері жөнінде, антрополог Шанта Иштван (Santha Istvan) Ман¬доки Иштван Қоңырдың өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде дәрістер оқыды. 


Сонымен бірге, аудитория назарына мажар тілінде Қазақстан туралы, белгілі түркітанушы-ғалым, этнограф Қоңыр Иштван Мандокидің қазақ елінің тілі мен мәдениетін зерттеу жолындағы саяхаттары жөнінде деректі фильм көрсетілді. 


Лакителекте оқумен қатар, мәдени-әдеби шаралар да  ұйымдастырылды. 


Мажарстанның белгілі ақыны Буда Ференцпен  (Buda Ferens) кеш өткізіліп, қазақтар мен мажарлардың туыстас, бауырлас халық екендігі, өмір сүру салтының, әдебиеті мен мәдениетінің ұқсастығы жөнінде кеңінен әңгімеленді. Кеш соңында мажар жастары қазақ тілінде «Елім-ай» әнін орындап, «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, Құрманғазының «Адай» күйін күмбірлетті.


Дәрістер барысында мажар жастарының қазақ тіліне, қазақ әдебиеті және та¬рихына, мәдениетіне, қазақтың ұлттық музыкасына қызығушылық білдіре отырып, Қазақстанда оқуға ерекше ықыластарын білдірді.





Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх