Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақстанның оңтүстік астанасында ҚАЗТЕСТ өтті
Қазақстанның оңтүстік астанасында ҚАЗТЕСТ өтті

2016 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау тестілеуін ұйымдастыруға белсенді қатыса бастады. Соңғы екі жыл ішінде тестілеуден шамамен 10 000 азамат өтті.

Ағымдағы жылда тестілеу қаңтар, ақпан, наурыз айларында өтті. Сәуір айында Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінде диагностикалық тестілеудің кезекті кезеңі өткізілді. Тестілеуге қатысушылардың жалпы саны  – 1789 адам. 

Осы жолы тестілеуге ерекше әлеуметтік топтар қатысты.  Атап айтқанда, олар халықтың рухани мәдениетін қалыптастыратын адамдар, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары, Қазақстан Республикасының  халық әртістері, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, дирижерлері, скрипкашылары, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері.  Сонымен бірге тестілеуге орталық кітапхана жүйесінің, мемлекеттік мұрағат, мұражай, цирк, хайуанаттар бағы және т.б. мекеме қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар тестілеуге еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан, Қазақстан Республикасының ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдаушы әскерлері, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери қарсы барлау басқармасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің  Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері қатысты.

Мекемелер

Адам саны

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

109

ҚР ҚК  ҚӘ әскерлері Десанттық-шабуылдаушы әскерлері қолбасшысы басқармасы

 

342

ҚР ҚМ «Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ

216

ҚР ҰҚК Әскери қарсы барлау басқармасы

27

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан

221

КЕАҚ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы »

18

Техникалық реттеу және метрология комитетінің  Алматы қаласы бойынша департаменті

12

Алматы қаласының әкімдігі

523

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік мұрағат

93

Алматы қаласы бойынша орталық кітапханалар жүйесі

132

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік мұражай

48

Алматы қаласы бойынша хайуанаттар бағы

25

Алматы қаласы бойынша қазақ мемлекеттік циркі

23

Барлығы

1789




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх