Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Атырау облысында жоспарға сәйкес ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді
Атырау облысында жоспарға сәйкес ҚАЗТЕСТ емтиханы өткізілді

2017 жылғы 10-20 сәуір аралығында Атырау облысының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери сала қызметшілері мен мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған емтихан өткізілді. Тестілеуге жалпы саны 4 054 адам қатысты. Оның ішінде 3 933 адам диагностикалық тестілеуге қатысып, 121 адам сертификаттық тестілеуде бақ сынады. 

Тест құрамындағы тапсырмалар «жеңілден күрделіге қарай» ұстанымына негізделіп бес деңгей бойынша құрастырылған: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары. 

Өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс мәселесі өткір тұрмағандықтан емтихан ҚАЗТЕСТ жүйесін дамытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес және 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Премьер-министрі төрағалығымен өткен «Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының» хаттамалық шешіміне сәйкес ұйымдастырылды. ҚАЗТЕСТ жүйесінің бірінші кезеңі – диагностикалық тестілеу, екінші кезеңі – сетификаттық тестілеу. Аталған хаттамалық шешімнің талабы бойынша 2017 жылы бірінші кезең бойынша диагностикалық тестілеу жұмыстарын пысықтап, келесі жылдан бастап екінші кезеңге ауысу көзделген. 

Атырау облысында тестілеу 2011 жылдан бастап, жыл сайын белсенді өткізіліп келеді. Дегенмен, тестіленішулер арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша толық ақпарат алмаған адамдар да кездесті. 

Алдын ала ұсынылған www.kazakhtest.kz ҚАЗТЕСТ жүйесінің ресми сайтында онлайн-тестілеу арқылы байқау сынағынан өтіп, емтиханға дайындық жұмыстары өткізілсе, емтихан барысында тестілеу технологиясы мен құрылымына қатысты сұрақтар аздау болар еді. 

Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді жоғары деңгейде өткізуге ат салысқан Атырау облысының Тілдерді дамыту басқармасы басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдіре отырып, ендігі ретте Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмыстың басым бөлігін сертификаттық тестілеу ұйымдастыруға қарай бағыттауды ұсынады.



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх