Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Зияткерлік мектептер ұстаздары қазақ тілінен емтихан тапсыруда
Зияткерлік мектептер ұстаздары қазақ тілінен емтихан тапсыруда


Республикамыздағы Назарбаев зияткерік мектептері ұстаздар құрамы мен басқару персоналы ағымдағы жылғы 12 сәуірден бастап қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ тестілеуін тапсыруды бастады. Еліміздің 17 қаласында орналасқан 20 ең беделді орта мектептер ұжымы мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгеру мақсатында бірнеше жыл қатарынан жүйелі түрде тестілеу емтиханынан өтуді жолға қойған. Тестілеуге қатысушылар емтихан барысында Тыңдалым, Оқылым, Лексика-грамматикалық бөліктер бойынша таңдау түріндегі тест тапсырмаларын орындап, Жазылым бөлігінде деңгейге байланысты шығарма элементтері бар диктант, мазмұндама мен эссе жазады.

Қазақ тілі емтиханына барлығы 2000-ға жуық ұстаз қатысуы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қарағанды, Петропавл, Талдықорған, Алматы, Ақтөбе, Астана, Орал қалаларында орналасқан зияткерлік мектептер қауымы ҚАЗТЕСТ тестілеуін тапсырып үлгерді. Емтихан үстіміздегі жылдың 5 мамырына дейін жалғасады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсаттарына бағытталған бұл іс-шара еліміздегі мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту міндетімен ұласып жатыр.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы 23 желтоқсанда Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі үкіметтік комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында, 2017 жылдан бастап жыл сайын қазақ тілін меңгеру талаптарын белгілейтін ұлттық стандарттарға сәйкес ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізуді тапсырды. Ұлттық стандарттарда қазақ тілін кім қай деңгейде білуі қажеттігін анықтайтын мамандықтар, кәсіптер мен лауазымдардың тізбесі ұсынылған.




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх