Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Алматы облысы ҚАЗТЕСТ тапсыруда көшбастап тұр
Алматы облысы ҚАЗТЕСТ тапсыруда көшбастап тұр


Алматы облысында ҚАЗТЕСТ тестілеуінің екінші кезеңі бойынша да тестілеу сәтті жалғасуда. Бұл – сертификаттық тестілеу, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған тестілеудің нәтижесі бойынша арнайы мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі. Ескеретін жағдай, бұл берілген сертификат «Болашақ» халықаралық степендиясының үміткерлеріне де конкурсқа қатысуына жарамды екенін айта кету керек.


Қарапайым (А1) және базалық (А2) – 2 жылға жарамды,

Орта (В1) және ортадан жоғары (В2) – 3 жыл болса,

Жоғары деңгей (С1) – 5 жылға дейін жарамды. 


2016 жылдың 23 желтоқсанда мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес ресми тілді меңгеру үшін талаптарды анықтайтын қолданыстағы ұлттық стандарттарды енгізу жолдарын қарастыру туралы хаттамалық шешімі шығарылды. Стандарттарда мемлекеттік қызметкерлер, сауда-саттық кәсіпкерлері мен лауазымдағы қызметкерлердің де тізімдері белгілі бір дәрежеде мемлекеттік тілді білуі қарастырылған. Мысалы, сарапшы/мамандар қарапайым деңгейде білу қажет, жетекші сарапшы/мамандар базалық деңгейде, бөлім бастығы/басқарма – орта деңгей, басшы орынбасарлары – ортадан жоғары, басшы – жоғары деңгейді білуі тиіс. 


Алғашқы кезеңдегі тест тапсырушылар мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың, қоғамдық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің арасында базалық деңгей бойынша бастау туралы шешім қабылданды. Бұл деңгейден сәтті өткеннен кейін, тест контингентін қалыптастыру бойынша орта деңгейде және одан әрі жоғарылай береді. Үш күн бойы, 2017 жылдың 27-29 наурыз аралықтарында Алматы облысы бойынша 5 жерде: Қапшағай қаласы, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында ұйымдастырылды. Төмендегі кестеден тапсырушылардың санын көре аласыздар:


Қала/аудан

Диагностика

Сертификат

Жалпы саны

Қапшағай қаласы

100

25

125

Жамбыл ауд. (Ұзынағаш)

127

30

157

Қарасай ауд. (Қаскелең)

107

30

137

Талғар ауд. (Талғар)

120

31

151

Еңбекшіқазақ ауд. (Есік)

125

31

156

ЖАЛПЫ

579

147

726


Жергілікті жерлерде тестілеу жұмыстарын жоғары деңгейде  ұйымдастырған филиал басшылығына, ұйымдастырушыларға, әріптестерімізге, Алматы облысындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлеріне Ұлттық тестілеу орталығының атынан үлкен алғысымызды жеткіземіз. Сонымен қатар, ерекше ұйымдастырушылығымен көзге түскен Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарын арнайы атап өткеніміз жөн.

Сохранить



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх