Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Батыс Қазақстан облысы ҚАЗТЕСТ тапсырды
Батыс Қазақстан облысы ҚАЗТЕСТ тапсырды


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылдың 20-28 ақпан аралығында мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме ұйымдары мен әскери сала қызметкерлері арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді. Жалпы тестілеуге 2101 адам қатысты.

- Орал қаласынан - 339 адам диагностикалық тестілеуге;

- Бөрлі ауданынан - 747 адам диагностикалық тестілеуге, сертификаттық тестілеуге В1 - 48 адам, В2 - 47 адам;

- Шыңғырлау ауданынан - 386 адам диагностикалық тестілеуге, сертификаттық тестілеуге В1 - 17 адам, В2 – 31 адам;

- Теректі ауданынан - 384 адам диагностикалық тестілеуге, сертификаттық тестілеуге В1 - 102 адам тест тапсырды. Тестілеуге қатысқан азаматтардың басым бөлігі қазақ тілін ҚАЗТЕСТ жүйесінің базалық және орта деңгейінде меңгергендігін көрсетті. Төмендегі кесте арқылы оған көз жеткізуге болады:



                                       


                                       


                                       


                                       


Ұлттық тестілеу орталығы тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және аудиторияларда кезекшілік етуге көмек көрсеткені үшін, Батыс Қазақстан облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарамасының басшылығы мен жауапты қызметкерлеріне, жалпы осы ұжымға алғыс білдіреді.


Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді В1 деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер үлесін 2017 жылға қарай 25%, ал С1 деңгейде меңгергендер үлесін 2017 жылға қарай 5%-ға арттыру көзделген. Дәл осы көрсеткіш мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлері арасында В1 деңгейде 2017 жылға қарай 10%-ға ал С1 деңгейде меңгергендер үлесін 5%-ға арттыру белгіленген.



Сохранить



Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх