Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтайтын  Ұлттық стандарттар қолданысқа енді
Қазақ тілін меңгеру деңгейлерін анықтайтын Ұлттық стандарттар қолданысқа енді


Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқыту мен бағалау үдерісін жүйелейтін бірден-бір нормативті құжат ретінде Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар белгіленген.


Стандарттар 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2015 жылдың 24 қарашадағы № 236-од бұйрығымен:


ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру».

ҚР СТ 1928-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық деңгей. Жалпы меңгеру».

ҚР СТ 1929-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта деңгей. Жалпы меңгеру».

ҚР СТ 1925-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Ортадан жоғары деңгей. Жалпы меңгеру».

ҚР СТ 1927-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Жоғары деңгей. Жалпы меңгеру» Ұлттық стандарттар мәртебесінде қайта қолданысқа енгізілді.


2016 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына сәйкес барлық орталық, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары аталған Ұлттық стандарттарды қолданысқа енгізуі қажет.


Ұлттық стандарттардың қосымшасында мемлекеттік тілді белгілі көлемде меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі берілген. Бұл құжат «Мемлекеттік тілді кім қай деңгейде білуі керек?» деген қоғамда пайда болған сұраққа нақты жауап бола алады. Ұлттық стандарттар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыста.


Стандарттар ағымдағы жылдың 8 ақпанынан бастап ресми сатылымға шықты. Ұлттық стандарттарды қолданысқа алу жолдары келесідей:

ҚР Ұлттық стандарттарын екі жолмен сатып алуға болады:

Электронды нұсқасын

интернет-магазин арқылы

Қағаз нұсқасын

ресми хат арқылы

Анықтама алу үшін Нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік бірыңғай қорына (www.egfntb.kz) хабарласуға болады, тел. 8 (7172) 27-08-12

«Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК директорының атына ресми хат жолдауы керек

Қабылдау бөлмесінің телефоны

8 (7172) 793422, 270801

ҚР СТ 1926-2015 – 1799 теңге

ҚР СТ 1926-2015 – 5198 теңге

ҚР СТ 1928-2015 - 1853 теңге

ҚР СТ 1928-2015 – 5613 теңге

ҚР СТ 1927-2015 – 1853 теңге

ҚР СТ 1927-2015 – 5613 теңге

ҚР СТ 1925-2015 – 1853 теңге

ҚР СТ 1925-2015 – 5613 теңге

ҚР СТ 1929-2015 – 1853 теңге

ҚР СТ 1929-2015 – 5613 теңге

Жалпы: 9 мың 211 теңге

Жалпы: 27 мың 650 теңге




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх