Размер шрифта: A A A Цвет сайта Ц Ц Ц Қалыпты нұсқасына көшу
Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырды


Ағымдағы жылдың 23-28 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматы қаласының Әуе қорғанысы күштерінің қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тестілеуінен өтті.


Жалпы – 726 қызметкер тест тапсырды:


53975 әскери бөлімі – 229 адам;

25750, 25750-Б, 10952 әскери бөлімі – 163 қызметкер;

78460 әскери бөлімі – 155 қызметкер;

97617 әскери бөлімі – 105 адам;

55065 әскери бөлімі – 105 адам;

36739, 36739-Б әскери бөлімі – 41 қызметкер

Парашуттік даярлық орталығы – 33 адам.


Тестілеуге қатысушы әскери сала қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын орындауға аса жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік тілді қандай деңгейде білетіндерін көрсетті.


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нәтижелер көрсеткішінде «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2017 жылға қарай - 25%, С1 деңгейінде 2017 жылға қарай - 5% меңгерту көзделіп отыр. Осыған байланысты, тестіленушілердің В1, С1 деңгейлері және басқа деңгейлер бойынша көрсеткен нәтижелерін төмендегі диаграммадан көруге болады:


Диаграмма_каз.jpg


Диаграмма бойынша тестіленушілердің басым бөлігі А2 деңгейінде қазақ тілін білетіндігі анықталған. Сонымен қатар, В1 деңгейі бойынша да жақсы нәтижені байқауға болады. 




Тізімге кері қайту

Ақпараттық материалдар

Информационные материалы

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу

Download

Байланыс

Адрес:

проспект Победы, 60

Телефон / факс:
  • +7 (7172) 51 83 10
  • +7 (7172) 51 83 06
  • +7 (7172) 27 92 19
  • +7 (7172) 27 92 18
Электронная почта:

test@kazakhtest.kz

Наверх